Құрманғазы Сағырбайұлы

Download Report

Transcript Құрманғазы Сағырбайұлы

Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
“Құрманғазы
Сағырбайұлы”
Дайындаған:
Усербаева Роза Мұратқызы
Сабақтың тақырыбы:
“Құрманғазы
Сағырбайұлы”
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Күйші композитордың өмірімен және күйлердің
шығу тарихымен таныстыру.
Дамытушылық: Әнге, аспапқа деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Музыка құдіретін, күй құдіретін түсіне білуге,
тыңдай білуге және алған әсерін, ойын жеткізе
білуге тәрбиелеу.
II Үй тапсырмасын тексеру
1. Қазақтың аспаптық музыкасы.
Дәстүрлі күйшілік өнерді сұрау
Бағалау
Аспаптық музыка дегеніміз не?
Музыка аспаптарында
орындалатын шығармаларды
аспаптық музыка деп атайды.
Күй дегеніміз не?
Қазақтың домбыра, қобыз,
сыбызғы, шертер сияқты ұлттық
музыкалық аспаптарында
орындалатын әуен – саз күй деп
аталады.
Домбыра күйлері нешеге
бөлінеді?
Домбыра күйлері екіге бөлінеді.
Төкпе және шертпе.
Төкпе күйлер дегеніміз не?
Төкпе күйлер тұрақты екпін мен
өлшемде, оң қолдың тұтас
сілтенуімен орындалады.
Шертпе күйлері дегеніміз не?
Шертпе күйлер көбінесе жалғыз
дауысты болып, оң қол
саусақтарының ұшымен
орындалады.
Жаңа сабақ
Құрманғазы Сағырбайұлы
(1818-1889)
Құрманғазы (1818-1889)
• 1818 жылы Атырау облысы.Теңіз ауданы. Жиделі деген жерінде
Құрбан айт кезінде дүниеге келген, сондықтан атын Құрманғазы
деп қойған. Әкесі Сағырбай, анасы Алқа өнерге жақын болған.
• Ол -өз заманындағы қоғамдық-әлеуметтік қайшылықтарға,
зорлық-зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам.Ол
қаршадайынан әділетсіздікпен алысып, азапты ғұмыр кешкен.
• Құрманғазы өзі басынан кешкен өмірі мен халықтық
мәселелерді «Кішкентай» атты тұңғыш шығармасынан бастап,
өмірінің соңына дейін күй тілімен жырлап өткен.
• Құрманғазы «Кішкентай» күйін Исатай, Махамбет бастаған ұлтазаттық көтеріліске арнаған.
• Құрманғазы- теңдесі жоқ ұлы күйші, төкпе күй шебері.
Шығармаларының басты тақырыбы: қазақ халқының өмірі,
тұрмысы, әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресі және қазақ жерінің
табиғаты.
• Оның күйлері: «Серпер», «Кішкентай», «Сарыарқа», «Адай»,
«Балбырауын», «Ақбай», «Көбік шашқан», және т.б. көптеген
күйлері бар.
«Сары Арқа» күйі
• Мазмұны:Қазақ жеріміздің кеңдігі,
сұлұлығы,жайқалған шөп,сарқыраған
мөлдір бұлақ,желмен жарыса ұшқан құс,
аттың шабысын суреттейді.
• Қарқыны:жылдам,тез
Мінезі: көңілді, төгіліп
• Түрі: төкпе күй
• Орындауы; музыкалық аспап, үнтаспа
Топпен жұмыс
*Жазушылар
тобы
* Ақындар
тобы
Күй тыңдау
барысында көз
алдарыңа
елестеген
табиғатты
қағаз бетіне
түсіріп шағын
шығарма жазу.
Мына сөздерге
байланысты
төрт жол
өлең шығару:
табиғат, күй,
кең дала, жыр.
*Суретшілер
тобы
Тыңдаған күйге
байланысты көз
алдарыңа
елестеген
табиғат көрінісін
қағаз бетіне
түрлі-түсті
бояумен түсіру.
Дауыс жаттықтыру
• До, ми, соль, ми, до
• Соль, фа, ми, ре, до
• Біз ән айтамыз, жақсы айтамыз
• Біз ән айтамыз, үйге қайтамыз
Домбырасыз сән қайда?
Сөзі: Х.Талғаров
Әні: И.Нүсіпбаев
1. Елдің жырын жырлаған
Қайғысында толғаған
Домбырасыз ешқашан
Жүрекке ем қонбаған.
Қайырмасы:
Домбырасыз сән қайда?
Домбырасыз ән қайда?
Ән мен күй бар өмірде,
Отта лаулап жанбай ма?
2. Құрманғазы, Тәттімбет
Домбырамен сайраған.
Жүрекке от жақсын деп,
Елге күйін арнаған.
Қайырмасы:
3.Абай, Жамбыл, сал Біржан
Таңғалдырып ән салған.
Жүрегіңді жандырған,
Естіген жан тамсанған.
Сәйкестігін тап
Исатай мен Махамбет
бастаған көтерлісі туралы күй
Алатау
Табиғатты
суреттейтін күй
Балбырауын
Халық мерекелері туралы күй
Сарыарқа
Қазақ жеріміздің кеңдігі, сұлулығы,
жайқалған шөп, сарқыраған мөлдір
бұлақ, желмен жарыса ұшқан құс, аттың
шабысын суреттейтін күй
Кішкентай
Сөз жұмбақ
1. Құрманғазыдан бата алған күйші
композитор?
Дина
Батыс өңірлердегі әншілік
мектеп өкілі?
Боғда
Паңкөйлек әнінің авторы кім?
Мұхит
Абыл күйінің авторы кім?
Абыл
Қорқыттың қобыз үнін бүгінге
жеткізушілердің бірі?
Ықылас
Кішкентай күйінің авторы кім?
Құрманғазы
Көкіл күйінің авторы кім?
Қазанғап
Қорытынды:
Бүгінгі ашық сабағымызды қорытындылай
келетін болсақ, бүгінгі ашық сабағымыздың
тақырыбы қандай?
Құрманғазы Сағырбайұлы
Балалар біздер Құрманғазы
атамыздың қандай күйін
тыңдадық?
«Сарыарқа» күйі
Балалар қандай ән үйрендік?
Домбырасыз сән қайда?
Үйге тапсырма беру:
1.Құрманғазы Сағырбайұлының
шығармашылығын оқып келу.
2. “Домбырасыз сән қайда?»
Әнін жаттап келу.
Бағалау.
Назарларыңызға рахмет!