Қазіргі кездегі компьютер мен ғаламтордың бала өміріндегі

Download Report

Transcript Қазіргі кездегі компьютер мен ғаламтордың бала өміріндегі

Ақтөбе облысы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Кеңесов Данияр Кеңесұлы
11 “С” класс
Research Question:
Қазіргі кездегі компьютер мен ғаламтордың
бала өміріндегі алатын орны қандай дәрежеде?
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ КОМПЬЮТЕР МЕН
ҒАЛАМТОРДЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ
АЛАТЫН ОРНЫ ҚАНДАЙ ДӘРЕЖЕДЕ?
Жаңа ақпараттық-технология
Қазіргі кезде еліміз бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруді басты
мақсат етіп отырғаны рас, бірақ ол үшін ең алдымен әр бір азамат жаңа
ақпараттық-технологияны жетік меңгеруі қажет екені айтпaса да
түсінікті. Қазіргі кезде әр азамат жұмысында да, үйінде де ақпараттықтехнологиямен жұмыс істей алады. Компьютердің өмірімізге еніп
кеткені соншалық, балалардың өзі ойыншықпен емес, компьютермен
ойнап дамып жатқан жайы бар. Сондықтанда менің бұл жұмысымның
мақсаты өмірімізге кене болып қадалып қалған компьютердің бала
ағзасына тигізер әсерін және ғаламтордың жақсы тұстарымен қатар
теріс жақтарында зерттеу.
Компьютер мен ғаламтор +
жақтары
1.Байланысқа кіру. Ғаламтор басқа ақпарат құралдарының (радио, теледидар, газет, журнал)
қатарына кіріп, байланысқа кірудің жаңа бір түрін әкелді. Ғаламтор өз бойына жазылған сөз
бен суретті, әрі дауысы, әрі бейнежазбаны жинақтайды. Сондай-ақ тәрбие мен білім беруді, әрі
мәдениетті күшейтіп, әрі көңіл көтерумен ұштастырады.
2. Қатысу. Ғаламтор адамды мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым-қатынасқа түсіре
алады. Теледидар қатынасы негізінен көрерменге бір жақты және радио да осы сияқты. Ал
Ғаламтор болса өзіне қатысушы адамға осы мағлұматтарға әртүрлі жолдар арқылы (диалог,
іздеп табу, көзқарасын айту сияқты) қатысуға мүмкіндік туғызады.
3. Байланыстың жеңілдігі. Электрондық пошта - әлемдегі байланысу жолдарының ең арзаны,
әрі ең жылдамына айналды. Бұл арқылы әлемнің кез-келген бұрышындағы адамға қас-қағым
сәтте оншақты беттен тұратын іс-қағаздарын жібере аласыз.
4. Тасымалдау ісінің жеңілдігі. Мағлұматтар мен іс-қағаздарды сақтаудың жеңілдігі. Ғаламтор
арқылы төмендегідей істерді атқаруыңызға болады: көп мөлшердегі суреттерді,
мағлұматтарды, құжаттарды тасымалдап, оларды компьютер қас-қағымда-ақ сақтап, «есіне»
жаттайды».
Балаларға тигізетін +
әсері
1. Алысты жақындату;
2.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты
арттыру;
3.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру;
4.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу;
5.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу;
6. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео
материалдарды
қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
7.Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен
танысып отыруға;
- Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
- «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл
қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады.
Карта
Бұл картаны қарай отыра, әлемнің көп бөлігінің ғаламтор желісін әлемнің
60% - дан аса елдерінің қолданатынын көруге болады. Бұл картада көп
қолдану жағынан басым елдер кіргенімен, оның қатарын Ресей мен
Қазақстанның қарқынды кіріп келе жатқанын айтуға болады. Ал бұл картада
Америка, Еуропа және Австралияның басым көрсеткіш көрсетіп тұрғанын
көруге болады.
Компьютер мен ғаламтордың теріс жақтары
Ғаламтор және бала денсаулығы


Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор
желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Ең
алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған
жасөспірімнің көздері шаршайды. Сондай-ақ, компьютер алдында көп отыру жас
балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана
бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып,
мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді. Және де
жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі
тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.
Британдық биологтар арнайы зерттеу жүргізе келіп, мынандай қорытынды жасап
отыр: «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді,
гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі
адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді».
Өздеріңізге белгілі, жүйкеге салмақ түсуі дегеніңіз - ойлау қабілетінің төмендеуі,
көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің
құлазуы.
Ғаламтордың жасөспірімдерге
тигізер басқа да әсерлері

Ғаламтор жеткіншектер үшін
 реферат,
 музыка,
 фильмдер,
 суреттер,
 ойындар көшіріп алу,
 бір-бірімен хат жазысу үшін қажет.
Бірақ ғаламтордың қаупі де аз емес. Мысалы, ресейлік ғалымдардың айтуынша,
бүкіләлемдік шырмауық-торда экстремистік және террористік сипаты бар,
қырықтан астам сайт жұмыс жасап тұр. Ал оның жастарымыздың ой-санасы мен
дүниетанымын теріс жолға бағыттап, оларды қылмысқа азғыратыны мәлім. Жазғы
демалыста жеткіншектердің ғаламторды пайдалануын зерттегендер айтады: «Биыл
жасөспірімдердің 4 % жыныстық қатынасты көрсететін әлемдік желілерді көрген,
14,5 % беймәлім адамдармен кездесуге келіскен, 38 % зорлық-зомбылық туралы
ақпараттарды тамашалаған, 16 % нәсілшілдік мазмұндағы сайттарға кірген» - деп.
Мінеки, қазіргі таңда көптеген жеткіншектердің өзіне-өзінің қол жұмсауының бір
сыры осында жатқан тәрізді.
Суицид
Суицид саны. Казахстан, 2008
Жасы
5-14
15-24
25-34
35-44
45-54
55-64
65-74
75+
барлығ
ы
Ер
66
657
860
656
522
240
143
86
3241
Әйел
19
239
152
120
97
52
41
47
768
Барлы
ғы
85
896
1012
776
619
292
184
133
4009
Жасөспірімдер арасында суицид көрсеткіші басқа жас өкілдеріне қарағанда
аз болса да оның бар екенін көруге болады және жыл сайын әлемде шамамен
100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады.
Статистика
Компьютер қолданатын жастардың
Басым бөлігінің шалдығатын
аурулары
Бұл кестеден адамдардың басым көпшілігі
компьютер алдында 1 сағаттан артық
отыратынын байқауға болады
Бұл 2 суретке қарап-ақ интернеттің қаншалықты адам өміріне
маңызды екенін байқау қиын емес
Ал бұл сурет компьютердің адамға тигізер
ең сорықы да, жаман жағы бұл – құмарлық
Қасиетін туғызуы
Компьютерді дұрыс
орналастыру
1. Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруға тиіс.
2. Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.
3. Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей болсын.
4. Мүмкіндігінше, компьютердің артының қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.
5. Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң - өте зиянды.
6. Компьютер тұрған бөлменің ауасын тазалап тұрады, компьютердің жанына су құйылған
ыдыс қояды.
7. Компьютерде 1-2 сағаттан артық отырмайды. Жұмыс барысында мүмкіндігінше, 5-10
минут үзіліс жасап тұрады.
8. Үзіліс кезінде көзге жаттығулар жасайды: көзді жоғары-төмен, оңға-солға, айналдыра
қозғалтады, алысқа көз жібереді, терезеге қарайды, сонан соң көзді жақын маңайға қарауға
бағыттайды.
9. Компьютерлік көру қабілетінің синдромдарын жою үшін экран бетіне түсіп тұратын
сәулелі шағылысу дақтарын жояды. Мұндай сәулелі шағылысу дақтары жоғарыда, артта
орналасқан люстрадан, терезеден түскен жарықтан, үстел үстіне арналған шамнан түсуі
мүмкін. Сол себепті, мониторды сөндіріп, экран бетінің шағылыспай, қалыпты жағдайда
тұрған-тұрмағанын тексеріп алады. Егер сәулелі шағылысу дақтары байқалса, экран алдына
айна қойып, оның қайдан түсіп тұрғандығын анықтайды.
10. Егерде компьютердің алдында бала отырса, әрбір 20 минут жұмыс жасаған соң 15 минут
демалуға тиіс. Ересек адамдар 2 сағаттан соң 10-15 минут дем алады.
11. Компьютермен жұмыс жасаған соң міндетті түрде салқын сумен жуыну қажет.
Evaluation
Осы жұмысымның барысында қазіргі кездегі компьютер мен
ғаламтордың
бала өміріндегі алатын орны туралы
материалдар табу көп қиындық туғызбады, табу оңай болды.
Сонымен қатар ғаламтордың жақсы тұстары мен жаман
тұстарын дәрігерлер мен басқада ғалымдардың зерттеулерін
толық көшіріп өз слайдыма салдым. Ештеңені қосып
алғаным жоқ, себебі оларға толық сенуге болады. Мен 5-ден
аса веб-сайттар қолдандым, бірақ бұл сайттардың айтатыны
бір. Толық мағлұмат жинау үшін көп іздендім, бірақ өте аз
уақытым кетті. Слайд жасауға көп уақытымды жұмсадым.
Сондықтан, келешекте бұл жұмысымды толық зерттеу
ойымда бар. Бірақ бұл жұмысыма көңілім толды.
Conclusion
Ғаламтор,компьютер, - көп жұмыстың қисынын оңай келтіретіні
белгілі, десе де өмірімізге тигізетін жаман тұстарын бір сәтте естен
шығармау керек. Ендеше, компьютерлік ойындарғаға мас болып
экранға байланған, әлеуметтік желілермен дос болып, компьютерге
тастай қамалған жастарымыздың жағдайына алаңдап, жайын
ойлайтын кез келді –ау дейім достар... Сондықтан ғаламторды
меңгеруіміз қажет деп, ғаламторды білмеген жас өмірдің көшінен
қалды деген оймен таңертеннен кешке дейін ақпараттық-техника
алдында отыра беруіміздің өзі адамзат өміріне тигізетін пайдасы
мен зияны бар екеніне толық көзімізді жеткіздік. Қорытындылай
келе әруақытта да, Абай атамыз айтқандай әр нәрсенің жақсысын
бойымызға сіңіріп,жаманнан жиреніп, пайдасын көріп - үйреніп,ал
зиянынан алшақ болайық демекпін.
Пайдаланған әдебиеттер
http://abai.kz/node/8850
http://massaget.kz/tehno/bilesiz-be/7455
http://zhanaoi.kz/blog/167
http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=97742
http://www.rusnauka.com/6_PNI_2013/Pedagogica/3_129923.doc.htm
http://www.rusnauka.com/15_NPN_2013/Pedagogica/2_139154.doc.htm