Шаттық шеңбері

Download Report

Transcript Шаттық шеңбері

Балтабаева Ғалия
Беркімбайқызы
Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі
- Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей
сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы, бәрің
сондай қуанышты, бір – біріңе күліп қарап, жайдары ақжарқын
болып тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейрімділіктің,
жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп
тұрмын.
Асыл арман
Әні: Е.Хасанғалиев
Сөзі: Б.Тәжібаев
Арманым, ақ сәулелі күнімбісің,
Әлде бір алаулаған гүлімбісің?
Әлде бір желпіп өткен самал ма едің?
Арманым, айтарым көп саған менің.
Қайырмасы:
Асыл арман, асыл арман.
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің?
Асыл арман аспанымда жарқылдаған құсым ба едің?
Мен сенің құдіретіңе, мен сенің құдіретіңе түсінбедім.
Арманым, құздан құлар бұлақпысың?
Әлде бір күлімдеген шырақпысың?
Әлдебір албыраған ай ма екенсің.
Арманым, айтшы маған қайда екенсің?
Қайырмасы:
Асыл арман, асыл арман,
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.
Бұл өмірде, бұл өмірде, мен жайқалған алау гүлмін
Арманым күнде сені, арманы күнде сені іздеп жүрмін
1. Адам алдына қойған мақсатын жүзеге
асыру үшін қандай әрекеттер жасайды?
2. Адамдардың кейде арманына жете
алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар?
3. Адамның мүмкіндігі мен мақсатының
сәйкес келуі қажет деп ойлайсыңдар ма?
Әр адам өзін - өзі, өзінің қажеттілігін, өмірдегі және
қоғамдағы ролін толық түсіну нәтижесінде өз
мүмкіндіктерін таниды. Адам өз ойындағы
мүмкіндіктерін толық пайдаланғанда алдына қойған
мақсатына жете алады.
Мақсатқа апаратын ізгі жолдарды
өздігінен іздестіру жақсы нәтижеге
жеткізеді. Адам жағымды қаситтерін,
ізгі ниеттерін дамыту барысында
өзін - өзі тәрбиелейді.
Г. Ысмайылова
“Жұмбақ қыз”
Леонардо да Винчи
“Мона Лиза”
Астана Бәйтерек
Гизедегі Хеопс
Пирамидасы
Қожа Ахмет
Йассауи кесенесі
Өнер
туындыларын
көргенде қандай
сезімде
болдыңдар?
Өнер
туындыларынан
қандай
ұқсастықтар мен
артықшылықтар
байқадыңдар?
Адам мүмкіндігінің
шексіз екендігін
тағыда немен
дәлелдер едіңдер?
Адам мүмкіндігінің
шексіздігіне қандай
мысал келтіре
аласыңдар?
Балалар шеңбер жасап тұрайық, өз
бойларыңдағы жақсы қасиеттеріңді
ой елегінен өткізіңдер, содан кейін өз
аттарыңды атап өзіңнің жақсы
қасиеттерің туралы кезек-кезек
айтып беріңдер.
Б. Соқпақбаевтың
“Менің атым Қожа” повесінен
үзінді оқу
Қожаның өз қателіктерін түзетуге
мүмкіндігі бар ма?
Қожаның өз мінез – құлқы жайлы
ойлауына не мәжбүр етті?
Қожаның орнында сендер
болсаңдар не істер едіңдер?
Адам, ғалам ғажайып жеке дана,
Жан құмары – ізденген мәңгі сана
Өзіңді - өзің танысаң – істің басы;
Түзеген өз ғаламын болған дана.
Мен өзіме және өзімнің
достарыма амандық
тілеймін...