көшіріп алу

Download Report

Transcript көшіріп алу

“Табиғатты аялайық!”
Сабақтың тақырыбы:
Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері.
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.
Дүниетану пәні, 3 сынып
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
П.тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Айтқұлова Нүргүл Өтегенқызы
Сабақтың мақсаты: окушылардың өсімдікке қажетті
жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру; ылғал сүйгіш,
су өсімдіктері және қүрғақшылыққа бейімделген өсімдіктер
туралы әңгімелеу; логикальқ ойлауларын дамыту;
Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын сұрау.
Өсімдіктердің өсіп жетілуі үшін қандай жағдай қажет?
Табиғат- адамның ежелден бергі тіршілік етіп, өмір сүріп
келген ортасы және мәңгілік мекен ете беретін алтын бесігі.
“Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы”.
Оның мұқабасның тысы
қызыл. Қызыл түс қауіпқатердің белгісі сияқты.
Бұл кітап өсімдіктер мен
жануарлардың көптеген
түрлернің жер бетінен
жоғалып. құрып кету қаупі
төнгенін ескереді.
Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын
қажет етеді.
• Топырақтың құрамында ылғал болғандықтан
тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары
жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейім.
Тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп
тұратын өсімдіктер су өсімдіктері деп аталады.
• Балықоты, балдыршөп —
су бетінде қалқып немесе су
ішінде өсетін көпжылдық
шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанда 3 түрі: бүкір,
үшқұлақты, кіші Балықоты
Тобыл, Есіл өзені бойында,
ағынсыз не ағыны аз, тұщы
суларда өседі. Өте сирек
гүлдейді.
• Болбыр – сукөріктер
тұқымдасына жататын көп
жылдық шөптесін өсімдік.
Шығыс Қазақстанда Ертіс
өзені мен Зайсан көлінде,
ағысы баяу су бетінде қалқып
деңгейіне дейін батып өседі.
Болбырмен суда тіршілік
ететін жәндіктер мен
балықтар қоректенеді.
• Бұрандажапырақ суда
өсетін көп жылдық
өсімдіктер. Тропиктік,
субтропиктік кейде
қоңыржай аймақтардағы су
айдындарында кездесетін
6 – 10 түрі анықталған.
Қазақстанда Каспий, Арал
теніздерінде, Түркістан
өңіріндегі өзен-көлдерде,
ащы, тұщы суларда өсетін
• Жауқияқ, сарықияқ
сукөрік тұқымдасына
жататын көп жылдық
шөптесін өсімдіктер туысы.
Қазақстанның көлдерінде,
ағысы баяу су айдындарында
кездесетін бір түрі – кәдімгі
жауқияқ . Қысқа сабағы суға
батып тұрады, тек гүлдеген
кезде ғана, жапырағы мен
гүлі су бетіне шығады
Балдыр— төменгі
сатыдағы су өсімдіктері.
Теңіз, көл, өзендерде,
ағынсыз да өседі.
• Су шылымы — суда
өсетін іржылдық шөптесін
өсімдік. Су астындағы
жапырақтары ықшамдалған
(кішірейген), жүзіп
жүргендері жертаған
жапыраққа жиналған,
жапырақ сағағы үрленген қап
тәрізді, жапырақ алақаны
ромб тәрізді. Гүлдері
жалғыз, су үстінде өседі. Су
шылымы таралу аймағы мен
саны азайып бара жатқан сирек
кездесетін түр. Қазақстанның
"Қызыл кітабына" енгізілген.
• Тұңғиық. өзі аттас
тұқымдасқа жататын
су өсімдіктері.
Қазақстанның Қызыл
кітабына енгізілген.
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
• Жантақ пен сүттіген топырағында ылғал өте аз,
ыстық жерде өседі. Жантақ тамырының ұзындығы 15-20
метрге жетеді.
жантақ
сексеуіл
сүттіген
Сергіту сәті
Сергітудің енді сәтін бастайық
Бір-екі-үш,алға қадам басайық
Орнымыздан тұрып қолды созайық
Шаршамайық,тағы бір іс жасайық.
Бір-екі оңға,үш-төрт солға
Сау болудың қамын біздер
жасайық!!!
Табиғат туралы мақалдар
Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.
Қыстағы қар - жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс.
Таумен тасты су бұзар,
Ел арасын қу бұзар.
Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос-жарымен мықты.
Мақал-мәтелдер жасыру ойыны
1. Әр атаның өз ұлы бар, әр бұтаның өз гүлі бар.
2. Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі.
3. Гүл сабағымен қадірлі, ас табағымен қадірлі.
4. Дала көркі — гүл, ана көркі — ұл.
5. Үкісіз қыз болмас, тікенсіз гүл болмас.
6. Гүлсіз жапырақ тұл, көксіз топырақ тұл.
7. Бір гүл толып ашылады, бір гүл солып ашылады.
8. Гүл қайда болса көбелек сонда.
9. Гүлсіз болса жер мұнды, күлкісіз болса ел мұңды.
10. Қыз халықтың гүлі, өлең сауықтың гүлі.
Жұмбақтар
Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.
Таңмен көзін ашады,
Әдемге нұр шашады.
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады.
Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді.
Табиғат –біздің байлығымыз. Осы
табиғаттың көркі, сәні, әні болған
өсімдіктерді, құстарды , жануарларды
қорғайық.
•
Сабақты қорытындылау
1. Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата.
Олардың қандай ерекшеліктері бар?
2.Егер осы өсімдіктердің тіршілік еті ортасын
ауыстыратын болса, ары қарай өсе ала ма?
3.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. Жаңа тапсырманы оқу.
Лазарева Лидия Андреевна, учитель начальных классов, Рижская основная школа «ПАРДАУГАВА», Рига, 2009, e-mail: [email protected]